БОЛҒАНША

lat: BOLǴANSHA

үст.1. Солай болғаннан гөрі, өйткенше.

Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын (Мақал-мәтел).

Көшпелі елдің қоры болғанша, Егінші елдің зоры бол (Мақал-мәтел).

2. Белгілі бір шекке, межеге дейін.

Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зор лықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша (Абай, Тол. жин.).

Бірақ таң атқанмен де, кеш болғанша бұл жерден ешқайда кетпейді (Т.Жанкелдин, Партизан.).