БОЛҒАНСЫ

lat: BOLǴANSY

ет. Бір нәрсеге ұқсағансу, солай көрінуге тырысу.

Орыс империализмінің отаршысы болып алған Бұқараның бұрынғы өмірі көріністе Әнуарға дос болғансып, іс жүзінде Әнуардың соңынан асыратын ғайбат таратты (М.Шоқай, Таңд. шығ.).

Желтоқсан оқиғасымен оқушылар, жалпы жұрт жылына бір рет 16-17 желтоқсан тақалғанда азын-аулақ хабардар болғансып жатады («Түркістан»).

Ақ патшаға олар да қарсы болғансып, қатар қонып, ту көтермекші (Ғ.Мүсірепов, Шығ. жин.).

Мейірімді болғансыған ханымдарға бұл жақпайтын сөз болар, құқық үшін ханымдар шаруа жүзіндегі ұрлықты ұрлық демейді (Ж.Аймауытов, Шығ.).