БОЛҒАНЫ

lat: BOLǴANY: bar bolǵany

Небәрі, бар- жоғы, болған-біткені.

Бейтамыр су температурасына 10 о С-ден төмен болмаса, бөліну арқылы тез көбейтетін Африка өсімдігі. Жарықты ұнатады, барболғаны түйреуіш басындай ғана тамырсыз, шар тәрізді кішкене өсімдік (Қ.Қайымов, Су асты.).

...Күн системасының барлық планеталарының бүкіл қозғаласын ширек ғасыр бұрын алдын ала болжап айтуға бар болғаны бес жүз сағат қана жеткілікті (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).