БОЛА

lat: BOLA

шыл. Алдындағы негізгі сөздің барыс септігінде тұруын талап ететін үшін мағынасында қолданылатын шылаулық мәндгі сөз.

- Қарғыбауға берген бір өгіздің құнына бола осынша қызыл-жосын бүлік шығарып отырған менің балам оңбайды! - деп Көкшағыр турасына көшіп, өз жөнін айқын да бекем білдіріп салды (Д.Әбілев, Арман.).

Әнеукүні жаман шүкей асыққа бола сабап тастағанына енді өзі өкініп, сол кірбіңді жуып- шайғысы келеді (Ш.Мұртаза, Интернат.).

Мыңдап қой, жүздеп жылқы айдаған бидің бұланның етіне бола қуанғаны бір түрлі ерсілеу көрінеді (Б.Нұржекеев, Жау жағадан.).