БОЛДЫР

lat: BOLDYR

ет. Титықтау, әлі құрып шаршау.

Жетем деп күн, түн қатып келе жатқанда Бір жерде кербез кер ат болдырады (Базар жырау, Шығ.).

Қасқыр арғы-бергіні кезіп, Арқадан түк таба алмай босқа болдырып, сандалақтап барып өзі тоқтады (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).

Қос жанары тұмандана толғанып,

Пәленбай күн жол жүріп,

Әбден шаршап болдырып,

Құлшына, жанып іштен,

Жан жүйесін сыздатқан сағынышпен,

...Көзінде тек аналық арман ойнап,

Жүзеді екен үмітін алға байлап (М.Шаханов, Ғасырлар.).