БОЛОН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

lat: BOLON DeklarasıaSY

1999 жылғы 19 маусымда Болонья қаласында (Италия) еуропа елдерінің білім министрлері қол қойған жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық туралы декларация. Болон декларациясының негізгі мақсаты Еуропада бірыңғай жоғары білім кеңістігін құру, азаматтардың ұтқырлығын арттыру және еуропаның еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін және еуропалық жоғары білімнің халықаралық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.