БОЛОН ПРОЦЕСІ

lat: BOLON PROSESİ

болон процесі біртұтас «Еуропалық жоғары білім кеңістігін» (ЕЖБК) құруды көздеген әртүрлі елдердің жоғары білім беру жүйелері арасында өзара жалғасып отыратын сұхбатты білдіреді. Барлық процесс Еуропаның 29 елінің білім министрлері 1999 жылы Болонья қаласында кездесіп, декларацияға қол қойған кезден басталды (және қаланың атымен аталды). Мына елдердің министрлері Болон декларациясына қол қойды: Австрия, Бельгия, Болгария, Чех Республикасы, Дания, Эстония, Фран­ция, Финляндия, Герма­ния, Греция, Венгрия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария және Біріккен Корольдік. Декларацияға қол қойған елдердің министрлері әр екі жыл сайын кездесіп отырады (ресми атауы «Министрлер конференциялары»). Бұл мәжілістердің негізгі мақсаты - ЕЖБК біліміне қол жеткізуге арналған про­гресті саралайды, жаңа елдердің Болон декларациясына қол қою және олардың Болон процесіне қосылу мүмкіндіктері болып табылады. 1999 жылдан бастап Еуропа мен Орталық Азияның 601 университеті Бо­лон хартиясына қол қойды. 2008 жылы 18 қазақстандық жоғары оқу орны Болон декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды. Болон декларациясында ЕЖБК-ны құруға мүмкіндік беретін 6 негізгі міндет көрсетілген. Бұл жоғары білім беру саласындағы жалпыға түсінікті, салыстыруға келетін біліктілікті енгізу, жоғары білім берудің екі сатылы жүйесіне өту, сынақ бірліктері (кредиттері) терминдеріндегі еңбек сыйымдылығын (курстар, бағдарламалар, жүктемелер) бағалауды енгізу және Еуропалық комиссия, Еуропа кеңес және ЮНЕСКО-СЕПЕС әзірлеген үлгідегі дипломның қосымшасындағы оқу бағдарламасын көрсету, студенттердің, оқытушылардың, ғылыми жұмыскерлер мен әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамының ұтқырлығын көтеру, жоғары білім берудің қажетті сапасын (сапаны қамтамасыз ету жүйесі) қамтамасыз ету, жоғары білім беру саласында біліктілікті және оған сәйкес құжаттарды өзара тану, жоғары оқу орындарының автономдығын қамтамасыз ету.