БОЛЫП-ТОЛ

lat: BOLYP-TOL

ет. Кемеліне келіп, тасы өрге домалау, гүлдену, дәуірлеу.

Намысшыл, ызақор, ашушаң шал ел ішінде қайдағы бағы өрлеп, болып-толып тұрған кісілермен ұстасатын (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Біздей төмен етекті әйел емес. Күнінде болып-толған. Күйеуі өлгеннен кейін бір ауылды билеп-төстеп, еркек орнына жүрген әйел (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).