lat: BOMBARDIROVSHIK
ор.зат.өск. Бомбалаушы ұшақ.
Жау бомбардировщиктері қара құрым болып Днепр үстін жиі-жиі торып жүрді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
Қайтқан қаздай тізіліп, ауыр қалықтап, аспан биігінде шығысқа қарай түнгі бомбардировщиктер кетіп барады (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).
Жаңа әзірде ғана таза көк аспанның лезде құты қашып, бозарып сала берді де, бір емес, аспанның бірнеше жерімен қым-қиғаш ұшып бара жатқан үлкенді-кішілі бомбардировщиктер шыға келді (Ә.Тарази, Құйрықты.).