lat: BONÝS
[лат.bonus] зат.экон. 1. Сатушы мәміле немесе жеке келісім талаптарына сәйкес сатып алушыға беретін қосымша сыйақы.
Бонус әдетте, мәміленің (шарттың) жалпы санасының немесе басқа көрсеткіштің пайызы түрінде белгіленеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).
2. Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері.
Бонус жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай нысанда төленеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).
3. Жасалған келісімшартқа сәйкес сатушының өзінің тұрақты сатып алушысы келісілген тауар мөлшерін уақытында түгел алған жағдайда оған ұсынатын баға жеңілдігі.