БОРДАЙ

lat: BORDAI

сын. Бор тәрізді, бор сияқты.

Түрлерін табиғаттың қолмен қояр,

Аяусыз асқар тауды бордай ояр,

Орнатып жер үстіне көркем тұрмыс,

Адамдық жәбірлікті тегіс жояр (С.Сейфуллин, Шығ.).

Қабырғаға сүйеніп, екі беті бордай аппақ болып Аяужан тұр (І.Есенберлин, Шығ. жин.).