lat: BORSHA
зат.этн.тамақ. 1. Тауық-үйрек, қозы-лақ еттеріне күріш, пияз, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосып, бүйенге салып суға қайнатып пісіретін тағам .
Боршаның пісу уақытын құрамындағы етке байланысты 30-90 минөт болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
2. Ыстықта бұзылып кетпеу үшін сүйектен сылып алып, тұздап кептірген, ұрылып жұқартылған ірі қараның еті .
Боршалау үшін етті жұқа, ұзынша етіп тіліп, тұзды суға малып алып, кептіріп, келіге түйіп ұнтақтайды. Бүл борша деп аталады (Д.Қатран, Қазақ. ас-тағам.).