БОРСЫҚ

lat: BORSYQ

сүтқоректілер тобына жататын, орманды, шалғынды, қамысты беткейлерді мекендейтін жануар. Құрт-құмырсқа, бақа, кесіртке т.б. орман жәндіктерімен, өсімдіктің тамырымен қоректенеді. Қазақ емшілері буын ауырғанда, нәрестенің іші желден кепкенде шетпеге борсықтың майын жағып, терісін қыздырып ауырған жерге таңып, көкжөтелге борсық майын ішкізіп ем жасаған. Борсықтың еркегін борақ деп атайды.