lat: BORSYQTAI
сын. 1. Борсық тәрізді, борсық сияқты.
Борсықтай тылтиып,
Торсықтай тырсиып,
Отырған мынау сиқымыз,
Тамаққа тойып тыңқиып (А.Тоқмағамбетов, Дария.).
Осы күнгі ерлердің
Қол-аяғы байлаулы
Арбадағы мәстектей
Тырнаның басын кемірген.
Қорлыққа қазақ үйреніп,
Ұра берсең үшбу күн
Борсықтай болып семірген (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
2. ауыс. Біреудің еңбегін қанап семірген, арамтамақ қанаушы адамдай.
Борсықтай қанға семіз мырзалардың
Құтырған семіздіктен жынын бассақ (С.Сейфуллин, Шығ.).