lat: BORTAŃDA
ет. Бортаң-бортаң ету, борсаңдау.
Екі бала көздері жаудырап, әкесіне қарай бортаңдай жүгіре бастады (Мың бір түн).
Қарымбай жан-жағына алақтап қарап алып, ілгері жүріп кетті. Билікөл көшесімен бортаңдап басып келеді (М.Қуанышбаев, Кек қылышы).
Жанбосын жұлдыздай ағып зымырағанда, біз бортаңдап ілесе алмай қаламыз (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).
Қайта тебініп жалт қараған аңшы бортаңдай безіп бара жатқан көкшуланға қапталдай қосылу үшін құйындата жөнелді (Ә.Мейірбеков, Аспантау.).