lat: BORYSH
тұлғаның өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, міндеті, парызы. Борыш – ар өлшемі, адамгершіліктің жоғары талабы. «Борыш» ұғымы кісілік қасиеттер мен адамгершіліктің жалпы ережелерін орындаумен тікелей байланысты ізгілікті жамандықтан айыру қажеттілігінен туындайды. Борыш – кәсіби этиканың негізгі категориясы. Дәстүрлі түсінік бойынша, баласы дүниеге келгеннен бастап, асырап, өсіріп, тәрбиелеп, оқытып, үйлендіріп, отауын тігіп, еншісін бөліп беру және т.б. әлеуметтік-тұрмыстыққа қажетті міндеттерін атқару әкенің борышы. Ал қартайған шағында әкесін күтіп, бағып-қағу – баланың міндеті, борышы болып есептелінеді.