lat: BORYSHTY
сын. 1. Ақшалай немесе заттай қарыздар, берешек.
Қойшылар жиналып, осы ойындарды ойнап өз арасында борышты болып, заттарын беріп құр алақан қалады (К.Әзірбаев, Аңыз.).
2. ауыс. Біреудің алдында рухани қарыздар, өзі міндеттеп алған парызы бар.
Мейлі, қасым көп болсын досымнан да,
Мейлі, қайғым көп болсын шашымнан да
Мейлі, мұңым сөз алсын тосылғанда,
Борыштымын, есімін маған берген
Сенің әкең секілді асыл жанға (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Олар менің алдымда
Борышты емес, ерте өлгені болмаса.
Елім маған көрсеткен жоқ жетімдік,
Бұл сөзіме ете аламын кепілдік (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Мен бұл жөнінде Ділдаға мықты борыштымын (Б.Майлин, Шығ.).
Иә, Сағадат ата-анадан гөрі ағасы алдында борышты (Т.Тобағабылов, Жазира).
Біз басқа жануарлардан артықшылығымызды істеп, өзімізді-өзіміз тәрбиелеуге борыштымыз («Айқап»).