БОС

lat: BOS

сын. 1. Еш нәрсемен толтырылмаған, ештеңе артылмаған; үстінде, ішінде ештеме жоқ .

Он бес нарға шатырдың өзін артты,

Бос айдады қасына үш жүз атты.

Бес мың ғана жамбылық жалаң шатыр,

Бәрінде берген сыйдың алып қайтты.

Бос қапшық тік тұрмайды (Мақал-мәтел).

Бос табақтар бөлме-бөлмеден сумаң-сумаң шығып, тағы да ас үйге қарай тайпия қалқып келе жатыр. Сол бос табақтардың ең соңғылары Құнанбай бөлмесінен шығып бола берген кезде ас үй жақтан тағы-тағы қайқайма табақ палау қаптады.Әуезов, Абай жолы).

2. Қаңыраған, адамдары жоқ .

Отыз жылдан артық бос тұрған нуға келіп ел байыды. Бөкей хан елмен тату тұрды. 1816-ншы жылы Бөкей өлді.Досмұхамедұлы, Таңд.).

Әкем мен шешемнің отау боп шыққан үйі көбінесе бос тұрады, егер әкем жолаушылап кетсе, ол үйге ешкім қонбайды.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

3. Құралақан, құрқол, ештемесіз.

Саған айтпай сөзімді кімге айтамын,

Ұялмай үйге қайтып бос қайтайын.

Өлсем де атып берші бір тояйын.

Мағшардағы күнәсін мен тартайын! (Қозы Көрпеш.).

4. Бекітілмеген, ашық, байлаусыз.

Өзің жатып байыңды,

Тұр-тұрлама келіншек,

Қаптың аузы бос тұр деп,

Құрт ұрлама келіншек (Бет ашар).

Қызыл сиырдың бұзауын қасына бос жіберіп, іңір қараңғысында бөктерге бет алдық.Жұмаханов,Қаракоз.)

5. Игерілмеген, пайдаға аспаған.

Ауыл маңындағы жердің көбі бос жатыр (Ауызекі).

6. Жұмсақ, борпылдақ.

Бұл қырқаны біздің таңдап алғанымыздың бір сыры: желі аз, қары көпсек бос болады (С.Бегалин, Ана.).

Болбыр тұлғалы қойдың терісі жұп-жұмсақ, бос, жүні сирек болады (А.Елеманов, Қой шаруаш.).

Бос басылған киізден аяққап, киіз есік, сырмақ жасарда жаңадан қайта басу керек.Қасиманов, Қаз. қолонері).

7. Мықты емес, осал.

Жігіттер тос айылды бос, артқы айылды аямай тартыңдар (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).

Шапқанда болмаса, шап айылды қазақ бос ұстайды. Тос айыл үнемі қатты тартылады, өйткені ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар.Мұқанов, Қазақ қауымы).

Ғазиза сұп-сұр болды жаны шошып,

Енді бекер тұрмады тағдыр тосып.

Ұрғашы деп зәңгі аяп бос байлапты,

Қол-аяғын босатты жібін шешіп (Үш ғасыр.).

8. ауыс. Керексіз, мәнсіз, мағынасыз, құр бекер, жай.

Ол ауру күтудің орнына өзін бастықпын деп санаған.

Бос әңгімемен көбірек айналысқан.Шашкин, Ақбота).

- Басқа сұрау жоқ. Бос сөзімізбен генералдың уақытын алмайық, - деді жауынгер Красильников (М. Ғабдуллин, Сұрапыл.).

9. ауыс. Ынжық, болбыр, жасық, нашар.

Бос, босаң, жасық туған бозбала көп

Киіздей шала басып қарпылмаған (Базар жырау, Шығ.).

Бақтығұлдың ойына Сәлменнің Қоқай дейтін бойы еңгезердей, бірақ адамның босы, қорқақ жылқышысы сап ете түсті.Әуезов, Қараш.).

Жүнінде шайыры өте көп қой бос, нашар келеді (М.Ермеков, Қазақст. биязы.).

Баланы ауруға бос, қорқақ етіп тәрбиелемеу керекҚазақст. мүғ.»).

10. ауыс. Алдамшы, жалған.

Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген,

Жібегім кетті-ау талай өрілмеген!

Өмірдің өрге басқан жолын қумай,

Өттім-ау бос үмітке еруменен! (Ә.Найманбаев, Шығ.).