БОСҚА

lat: BOSQA

үст. Бекерге, текке, құр бекер.

Айдарынан жел ескен,

Бір малым деп босқа өскен,

Пайдасы жоқ бай да бар (Ж.Ешниязұлы).

Күй ғой ол қанша тартса қайта тыңдар,

Қайта тыңдар күйлерден нәр татыңдар.

Жиырма бесін желпінбей айтатындар -

Бұл дүниеге босқа кеп қайтатындар (Т.Айбергенов, Бір той.).

Адамға еңбек еткен жарасады,

Жалқаулар бақытынан адасады.

Байлардың қойын бақтым амал бар ма,

Кім маған босқа жатсам қарасады?! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Уақытын құр босқа шығындайтын,

Бейтаныс жан өтетін, бұрылмайтын.

Бір бозторғай көдеден көтеріліп,

Көз алдында апайдың шырылдайтын (М.Мақатаев, Шығ.).