lat: BOSTANDYQ
зат.1. Еркіндік, өз биліғі өзінде болушылық, еріктілік. Міне, тарихтың қызметі жеке адамның да, халықтың да өз бостандығы, игі арманы үшін күресін баяндау керек деп ойлаймын («Қазақстан заман»). Басқа жұрттың балалары бостандықта ойнап, тынығып жүретін шілденің ыстығында қазақ баласы мең-зең болып оқиды (М.Дулатов, Шығ.).
2. қоғ.-әлеум. Елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамдардың т.б.) өз мақсаты мен халықтың, елдің өз мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндіғі; құқықтық мүмкіндіктер аясы, тәуелсіздік.
Бостандық, теңдік, туысқандық болғаны рас болса, біз: қазақ, бурят, енді бұл зорлыққа көнбейміз (Ә.Бөкейханов, Шығ.).
Бостандық таңын көргенім -
Кемеліме келгенім.
Қорқытпайды мені ажал,
Арман емес өлгенім,
Кейітер істің кемдігі (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Тілегің болды - қуан, күл.
Бостандық - ізгі періште
Кетпекке ұшып ғарышқа,
Ақ қанатын қомдап тұр (М.Жұмабаев, Шығ.).
Саяси бостандық ұғымы азаматтардың саяси белсенділігін, саяси өмірде ұдайы қатысып, әлеуметтік мәні зор шешімдер қабылдау ісіне тікелей ықпал етуге қабілеттілігін арттырады (ҚҰЭ).