lat: BOTA
зат. 1 . Түйенің бір жасқа толмаған төлі .
Әңгімеден әңгіме қозды-ай дерсің,
Сері самал теректі қозғай берсін,
Әлдеқайда асыққан жүрдек пойыз
Ботасы өлген інгендей боздай берсін (1,200).
Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,
Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт:
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,
Аруды арам жандар өпкендерін,
Боз іңген ботасы өлген бой жаза алмай (2,57).
2 . ауыс. Бала .
Сен бота едің көздерің мөлтілдеген,
Мен құлын ем тұлымы желпілдеген.
Өтті бәрі. Ана мен әке болдық,
Арамызда сыр қалды шертілмеген (1,176).
Боталарыңызды түгендейсіздер,
Жамандықтарын жүгендейсіздер,
Жүгендейсіздер, шідерлейсіздер,
Жақсылықтарын жібермейсіздер (1,207).