lat: BOTA
зат.1. Түйенің бір жасқа толмаған төлі.
Екі аяқтыда бажа тату,
Төрт аяқтыда бота тату (Мақал-мәтел).
Түйешіге аман алынған әр бота үшін оның енесі суалғанға дейін ай сайын жеті сомнан ақша төленеді (А.Шайбеков, Колхозда.).
Түйе тууына 1-2 сағат қалғанда аунай бастайды, ерінін шүйіреді, безектеп, бір орында тұрмайды. Бір байқап жүргенім, түйе ұрғашы бота туарда күнбатысқа, еркек бота туарда күншығысқа қарай бошалайды (А.Ниязов, Түйе - табысты.).
Ботаның өркешіндей тік тұруын қарашы (С.Жүнісов).
2. ауыс. Бала.
- Жұртта отырған енеміз,
Иіліп сәлем береміз.
Елсізде жүрген шешеміз,
Сізге сәлем десеміз.
Айдалада анамыз,
Біз де сіздің балаңыз.
Жапанда жүрген апамыз,
Біз де сіздің ботаңыз.
Алдыңдағы әперші
Кеней менен сақамыз (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).