БОТА

lat: BOTA

Түйенің жылға толмаған жас төлі. Ботаны түйенің түріне қарай 4-ке бөледі: үлек бота - таза үлек пен аруанадан туған; айыр бота - бура мен інгеннен туған; нар бота - бура мен аруанадан туса да нарға тартқан; қоспақ бота - інген мен біртуардың бурасынан туған. Сондай-ақ, ботаны енесінен туғандағы ерекшелігіне қарай : қызыл шақа бота (шапа туған), маймақ бота (аяғының білезік буыны ішке не сыртқа қарай айналып тұрады), кемиек бота (астыңғы иегі шылыңқы), бөдене бота (әлжуаз бота), мінезіне қарай : заржақ ботанесін емседе, ембесе де боздай береді), еміншек бота (желіндемей боталаған інгеннің ботасы, сүтке тойса да, адамның соңынан қалмайды), құтымсыз ботанесін еміп қойып, тартынып жетекке жүрмейді), асырауына қарай: ақ кемік ботанесінің уызын, сүтін еркін емген), қара кемік ботанесінің уызына жарымаған), қатпа бота, күн қақты бота, көк бақа бота, емізік бота, арамза бота, құдыра бота, жетім бота, өлі жетім бота, тірі жетім, кенже жетім, арамза жетім, тел жетім. Бота - жас кезінде иіс-қоқыс көтермейтін, ерекше күтім тілейтін жануар.