lat: BOZAR
ет. 1. Бозғылттану, ақшылдану, бозамықтану.
- Жоқ, жоқ, әне, таң бозара бастады. Өзім де қызығын көргелі өліп отырмын, әйда, жүр! - деп Зылиқаны жетелей жөнелді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Көк жиегі бозарып, бұлдыр сәуле қараңғылықтың шымылдығын серпіп ашқан секілденді (Б.Майлин, Шығ.).
Өзгелері бұралып,
Біріне бірі оралып,
Жапырақтан күмбез жасап тұр
Бас, аяғы құралып,
Араласпай бұларға,
Сары жапырақ тұр бозарып.
Азапқа тұрмыс салғандай,
Есі-дерті налғандай (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
Көкте көлбей жүзген күміс ай. Бозара білінген таң (І.Есенберлин, Қатерлі.).
2.ауыс. Өңі қашу, түсі бұзылу.
Мұрат ауруханадан шөлмектей болып бозарып, жүдеп шықты (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).
Шикіл сары бір жігіт,
Қарсы сөйлеп бозарып,
Тұрды өзінше дүрлігіп (А.Шамкенов, Сырларым.).
Жас солдаттың жүзінде де қан-сөл жоқ. Оңып біткен матадай бозара қалған (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.).
Ат терлете
Көктеп өтіп шатқалды
Біраздан соң қуғыншылар кеп қалды.
Қыз бейшара тұманданып көз алды.
Бір қызарды,
Бір сұрланды,
Бозарды (М.Шаханов, Ғасырлар.).