БОЗОҚ

lat: BOZOQ

тарихта ортағасырлық қалашық ретінде белгілі. Шамамен VІІІ ғасырдан бастап өмір сүрген деп жорамалданады. Ол ХХІ ғасырлардағы тарихи ескерткіш қана емес, əскери-əкімшілік жəне сауда орталығы, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы қыпшақ билеушілерінің əскери ордасы болған. Оны солтүстіктен оңтүстікке қарай ЕсілНұраҚорғалжыңСарысуСырдария бағытындағы, шығыстан батысқа қарай МоңғолияАлтайХазарияБолгарияРусь бағытындағы керуен жолдардың түйіскен жерінде орналасуының өзі айқындап тұр. Тылсымы терең ғасырлар керуенінде өзгерістерге ұшырап, діни-ғибадаттық шаралар өткізетін жəне адам аз тұратын ұлан-ғайыр далада жолаушылар мен сауда керуендеріне географиялық бағдар беретін, жол сілтейтін орын саналған. ХІІІХV ғасырларға қарай қалашық орны қасиетті, киелі саналып, атақты тұлғалар мен ақсүйектерді жерлейтін орынға айналды. Осыдан кейін мұсылмандар арасында киелі орын саналып, бұл жерде құлшылық етіп, əруақтарды еске алатын жəне сахара шарлаған жолаушылар мен керуендердің дем алып, түнейтін орнына айналды. Бозоқ қалашығы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзұқты көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Бүгінде қалашық территориясында күйдірілген немесе шикі кірпіштен тұрғызылған 5 кірпіш мавзолейлерінің негіздерді зерттелді. Обалардан табылған кірпіш стандарттары мен заттарын тарих- шы ғалымдар XIXV ғғ. жатқызады. Мавзалейлердегі жерлеулерден басқа шұңқырлы жерлеулер мен басқадай 49 оба қазылып, ғылыми тұрғыда зерттелген. Бозоқ некрополінің жерлеу құралдарының алғашқы топтық жіктеулері де жасалды. Табылған археологиялық заттар арқылы XIIIXIV ғасырлар аралығындағы жерленгендер болып топтарға бөлінеді. Осыған байланысты Қазақстан даласындағы исламның таралу мəселесіне байланысты жаңаша түрлі жорамалдар да пайда болуда. XIV ғасырда ислам діні ресми түрде Алтын Орданың мемлекеттік діні болып қабылданғанына қарамастан, Қазастанның түпкі далалы аймақтарында пұтқа табынушылық салты бойынша жерлеу жалғаса бергенін Бозоқ қалашығы дəлелдеп отыр. Тұтынған заттармен, киіммен, о дүниелік тамақтармен, жылқының бас сүйектерімен жауырындары, бөлшек сүйектері, олардың толық скелеттері, алдыңғы аяқтарының түтік тəрізді сүйектері кездеседі. Уақыты белгісіз темір оқ ұштарымен, қола айнамен, күміс тыйынмен, күміс ыдыспен жəне əшекей заттарының табылуымен ерекшеленеді. Ескерткіштің құрылымын орталық үш кешендік таралымынан басқа солтүстік бөлігінде тұрғын үй жəне шаруашылық құрылыс кешендері болса, оңтүстігін некрополь құрайды. Бүгінде Бозоқ қалашығының ертедегі деректерінің ғылыми жəне танымдық маңызы өте зор. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында əскери бөлімшелердің пайда болуы геостратегиялық фактормен байланысты, ол далалы Жібек жолының керуендерін бақылауға арналған болуы мүмкін. Ғалымдар: «Бозоқ қалашығы оның территориясындағы мавзолейлер концентрациясына қарағанда ортағасырлық халық үшін рухани Мекке қызметін атқарды десе де болады», деп көрсетеді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз еңбектерінде: «... ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы Астана қаласы», деп жазған. Бозоқ қаласы бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың шежіресі сонау көне дəуір тарихымен сабақтасатындығын айғақтайды. Бозоқ қаласы көне дəуірде Батыс пен Шығысты жалғастырған атақты Жібек Жолының елеулі орталықтарының бірі болса, Астана бүгінгі Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын көпіріне айналды.