lat: BRAHMAN
зат.1.филос. Барлық заттардың негізі - өзіндік ерекшелігі жоқ, сипатсыз, сапасыз абсолют зат деп білетін үнді философиясындағы ұғым.
Брахман ұғымының мазмұны кеңейе келе брахманизмнің басты ұғымына айналды (ҚСЭ).
2. діни. Үнді жұртшылығындағы касталық топ.
Дүние мен адамдарды жаратқан брахма құдайы деп, абыздарды брахмандар деп атады (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).