БРАКОНЬЕР

lat: BRAKONER [frans.]

зат. Қаскер (Тыйым салынған жерлерде заңсыз аң-құс, балық аулаушы, табиғат байлығына зиян келтіруші адам).

Браконьерлер қарақұйрықты автомашина фарының жарығымен түнде қуып атады (Х.Қыдырбаев, Дала көркі).

Бірақ жеке басының пайдасын көздеп, балықты рұқсат етілмеген заңсыз құралдармен аулап құртатын балық ұрылары - браконьерлер де бар (К.Күленов, Қазақст. балық.).

Қиқу салып күнде ұшқан,

Аспанның көркі едім.

Браконьер бір дұшпан қанатымды өртеді.

Мезгілі жетпей ұяда жұмыртқам қалды жарусыз (Ш.Смаханұлы, Кездік).