БРАКОНЬЕРЛІК

lat: BRAKONERLİK

зат. Қаскерлік (Заңсыз, рұқсатсыз аң, құс, балық аулаушылық; оларды қырып-жоюшылық).

Бірақ Гурьев, Жамбыл, Алматы облыстарында соңғы жылдары браконьерліктің салдарынан және қопаларды өртегеннен шошқа тұқымының азайып бара жатқаны байқалуда (Х.Қыдырбаев, Дала көркі).

Жабайы аң, құс, балықтарды қорғау туралы заңды бұзу браконьерлік деп есептеледі («Қазақст. мект.»).

Сонымен бірге ол табиғатқа нұсқан келтіріп, браконьерлікке салынушылыққа қарсы аянбай күресу керектігін айтқан еді («Мәдениет және тұрмыс»).