БРЕЗЕНТ

lat: BREZENT

[франц.preceinte] зат. Су өткізбейтін, тығыз әрі қалың кенеп.

Сол орманның қалың ортасында үсті брезентпен жабулы арбалар тұр (Б.Момышұлы, Біздің генерал).

Үстін қалың брезентпен қаптаған виллюс жеңіл мәшинесі орталыққа қарай зымырап келеді (М.Дүйсенов, Гүлжан.).

Суға малшынса брезенттің қаңылтырдай салдырлап сіресе қалатын әдеті бар (С.Мұқанов, Саяхат.).

// Брезенттен істелген.

Брезент шатыр тіккен лагерьге Қаныш толқи-толқи келді (М.Қаратаев, Далада.).

Бұрынғыдай үстіме брезент бешбет, шалбар, аяғыма резинке етік, басыма темір бөрік киіп, қолыма шам ұстап шахтаға түстім (Б.Шалабаев, Өмірде.).

Басында жіңішке жиек ақ пике панамы, аяғында еркек өкшелеу ақ березент башмақ, үстінде ақ кенеп пәлте, бойына киімі құйып қойғандай (Ж.Аймауытов, Шығ.).