1985 жылы құрылған. 1985 жылға дейін жұмыс істеп тұрған Британ сақтандыру қауымдастығын (British Insurance Association), Жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша компаниялар қауымдастығын (Accident Offices Association), Өрттен сақтандыру бойынша комитетті (Fire offices Committee), Кәсіпорындардағы өмірді сақтандыру бойынша компаниялар қауымдастығын (Industrial Life Offices Association) және Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар қауымдастығын (Life Offices Association) бір ұйымның астына біріктірді. БСҚ мақсаты: ұйым мүшелерінің мүддесін қорғау; егер оның мүшелерінің мүдделеріне кез келген үкімет және ұйым тарапынан зиян тисе , қажетті шаралар қолдану. Ұлыбритания аумағында өзінің қызметі бойынша тіркеуден өткен кез келген сақтандыру компаниясы БСҚ-ға мүше бола алады. 1986 жылы 420 компания қауымдастықтың мүшесі болды. Олардың үлесіне нарықтың сақтандыру компаниялары жинаған сыйлықақының жинағының 90%-не дейіні тиді. Ұлыбританияда Қауымдастықтың әрқайсысында өз алдына жеке комитеттері бар 11 аймақтық бөлімшелері бар. Қауымдастық сақтандыру білімін көпшілікке тарату бойынша үлкен жұмыстар атқарады, Буклеттер, статистикалық деректер шығарады.