Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау кезіндегі сақтанушы мен сақтандырушы (қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы) арасындағы делдал. Брокер заңнама саласында және сақтандыру тәжірибесінде сарапшы болу керек. Ол білімінің сақтандырудың үздік талаптарын қамтамасыз етуге тиіс екендігін ескере отырып, кәсіби маман ретінде сақтандыру туралы бәрін білуі керек. Брокер сақтандырушының (қайта сақтандырушының) емес сақтанушының (қайта сақтанушының) агенті болып табылады. Сақтандырушының (қайта сақтандырушының) алдында брокердің заңды жауапкершілігі жоқ. Бұл моральдық жауапкершілікті (Good Faith) жоққа шығармайды. Сонымен қатар брокер сақтандырушының (қайта сақтандырушының) төлем қабілетіне кепілдік бермеуі тиіс және оған шығындарды төлеу, сыйлықақыны қайтарып беру жауапкершілігі жүктелмейді. Егер брокер өз міндетін атқару кезінде ұқыпсыздыққа жол беріп, нәтижесінде сақтанушыға (қайта сақтанушыға) зиян келтірілсе, соңғысы брокерден зиян өтемін талап етуге кұқылы.