lat: BRON
зат. 1. Белгілі бір мақсатпен сақталынатын арнаулы орын.
Броньмен сақтап отырған орынды сіздерге беруге директор рұқсат етпейді (С.Бегалин, Уақыт.).
Шахтерлерді армияға алмайды, бронь берді. Алса қуана-қуана кетер едім (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
Әскер қатарына шақырылғандардың ішінде броньмен жүрген Биман да барды (Б.Тәжібаев, Қараторғай).
2. Белгілі бір адамды (нәрсені) бір жерге (мекемеғе) тіркеп не бекітіп қою құқығы, құжат.
Облыстың басқа адамдары поезға күндіз мініп кеткен екен. Обком қойған броньмен бұлар да билет алды (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).