БРОНХИТ

lat: BRONHIT

зат.мед. Қолқаның қабынуы салдарынан болатын ауру.

Бронхит - бронхылардың кілегей қабығының талаурап, ауруға ұшырауы (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).

Ревматизмнің қайталауына көбінесе баспа, тұмау, бронхит тағы басқа сондай суықтан болатын аурулар себеп болады («Лен. жас»).

Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк т.б. микроорганизмдер болады (ҚҰЭ).

Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша т.б. аурулардың салдарынан пайда болады (ҚҰЭ).