БҰҒАНА

lat: BUǴANA

зат.анат. <лат. clavicula> Жауырын мен төс сүйекті байланыстырып тұратын иіліңкі сүйек; иық белдеуін құратын сүйектің бірі.

Мәншүк омырауын ашып жіберіп қараса, оқ бұғана мен топшысының аралығынан тиген (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Екінші кабинеттің жанында тістеніп отырған манағы бұғанасы сынған қарт шыдамай «доктор» деп айғай салды (С.Адамбеков, Көсе.).

Қол-аяқтардың сынуымен қатар, бұғаналардың сынуы да жиі кездеседі (А.Апсаттаров, Дәрігер.).