lat: BUDYRLY
сын. 1. Жоталы, төмпешікті, тегіс емес . Ол бір сай-саласы мол, көбіне қой жайылатын, жықпыл жотасы көп, бұдырлы жер еді (Т.Жармағамбетов, Екі жүрек).
2. Бұдыры бар, бұдыры көп. Қант қызылшасының тұқымы бұдырлы болғандықтан, ылғалды тез тартқыш келеді (М.Ерлепесов, Тұқым өсіру.).
Құрттардың сыртқы қабығы түрпідей бұдырлы, тиген жерін тітіркендіреді (С.Омаров, Қой. бағу.).
Екінші топқа Батыс Азиялық қиярлар, яғни жатын сырты тегіс немесе майда бұдырлы қиярлар жатады (Д.Әбілев, Помидор.).