lat: BUIRA
сын. 1. Тік емес, ширатылған, бұралған (шаш, елтірі жүні).
Бетінен алма қан тамған,
Тілінен тәтті бал тамған,
Б ұ й р а толқын шашы бар,
Күлкісі меруерт шашылған (М.Жұмабаев, Шығ.).
Неге күлгеніне түсінбеген Әмір дударланған бұйра шашын саусағымен тарап, күнәлі адамдай қипақтай қарайды (З.Шашкин, Доктор.).
Ойланып тұрсың, толғанып,
Толқу бар бұйра шашыңда.
Барады тұлғаң зорланып,
Ғасырды аттап, ғасырға (К.Салықов, Жезкиік).
// Бұйраланған қалпы.
Тамараның бұйрасы тарқай бастаған қою шашынан су сорғалап тұр (С.Жүнісов, Жапанда.).
Онда соңғы жылдары елтірінің сапасы тіпті төмендеп, әрі ұсақтанып, әрі бұйрасы нашарлап кеткені жайында көп айтылған («Соц. Қаз.»).
2. ауыс. Бірыңғай әдемі көріністі, толқынды.
Күн сүйген асқар таулары,
Етегі бұйра қарағай.
Сыбдырлап аққан өзендер,
Жиегі шалғын көкорай (Ә.Сәрсенбаев, Ақша бұлт).
Тыңдайды түннің жым-жырт бір сәтінде,
Бұйра орман, көкшіл өзен, қанды майдан (А.Лекеров, Достар).