lat: BUIRAT
зат. 1. Төбелері дөңгеленіп келген, созылып жатқан қырқа, адыр.
Қанатын алғаш қомдаған,
Барады бұйрат белеңге.
Көрінбей енді сол дала,
Түспейді бұлар төменге (С.Жиенбаев, Алтын қалам).
Ол бұйраттарға кірмей, етек ұшындағы кең, ашық даламен жүре берді (С.Сейфуллин, Әңгім.).
2. геогр. Төбесі жұмырланып келіп, беткейі аз тілімденген, созылған аласа жота, қырат түріндегі жер бедерінің бір формасы.
Бұйрат көбінесе бұрынғы таулы аймақтың қатты бұзылуынан кейін қалған жұрнағы, оның беткейлері аз тілімделген, төбесі жұмырланып келеді (ҚСЭ).
Бұйрат - онша биік емес, созылып жатқан жота немесе қырат (Қ.Құрманов, Физ. геогр.).