БҰЙРАТАЛ

lat: BUIRATAL

зат.ос.сөйл. Көбінесе өзен бойларында өсетін, жапырақтары уақ тал түрі.

Өзеннің тар қабағына ұйыса біткен бұйраталдың тасасында Ақжол қадалып қарады да тұрды (Н.Ғабдуллин, Өмір.).

Еділдің бойы бұйратал,

Бөленген нұрға белесі.

Чувашта шаттық толқын бар,

Жүзеді жойқын кемесі (Ж.Сыздықов, Асулар).