БҰЙРАТТЫ

lat: BUIRATTY

сын. Бұйраты бар, бұйрат жерлері мол.

Биік жартасты, адыр, бұйратты тау бөктерін айнала жіңішке, тар жолмен екі салт атты келе жатыр (І.Есенберлин, Қатерлі.).

Ұзын құйрық, ойпаң еңісіне шоқ-шоқ қараған, басы мен беткейіне түп-түп сирек тобылғы өскен бұйратты шағылға жеткен соң жүрісін кілт өзгертті (М.Мағауин, Ақша қар).

Бұл таулы қырат, адырлы, бұйратты жазық даланың шығыс жағы Тарбағатай, Сәуірге дейін көсіліп, Алтайға тіреледі (Ә.Бірмағамбетов, Қазақст. геогр.).