lat: BULDYRYQTAI
сын. 1. Бұлдырық сияқты, бұлдырық тәрізді.
Сезесің жүрек қылын бұрағанын,
Естисің әлдекімнің жылағанын.
Шырылдап бозторғайдай көтеріліп,
Сорғалап бұлдырықтай құлағанын (Қ.Тоғұзақов, Сібір Омар).
2. ауыс.Кіп- кішкентай, тым шағын.
Ердің атағы туырлықтай, өзі бұлдырықтай (Мақал-мәтел).
Үлкен әжеміз келе жатыр екен. Өзі бұлдырықтай ғана жан еді (Ж.Молдағалиев, Тыңдағы.).
3. ауыс. Өте тез, жылдам.
Жіңішке бойың нәзік қылдырықтай,
Сүйтсе де сөзің ұшқыр бұлдырықтай.
Қу, бала-ау, бала демей, не деуші едім,
Көзіме көрінесің жұдырықтай (Айтыс).
Күміс қанат қыран қонысымен найзаларын түбінен кезей ұстаған спортшыдай қоңыз мәшине бұлдырықтай безіп береді (С.Бердіқұлов, Пердесіз.).