lat: BULTYŃDA
ет. 1. Бұлт-бұлт ету, бұлтылдау, ойнақшу.
Мынау бала бұлтыңдап,
Шыға берме тоқымнан.
Қатын сөзін бір тыңдап,
Таптым ақыр жақыннан (Ғ.Қайырбеков, Таулар.).
Зиядаш бұлтыңдап ойнап жүр (Ш.Құмарова, Қос шынар).
Гүлсары ұстатпай бұлтыңдап кете берді (Ш.Айтматов, Қош бол.).
2. ауыс. Ренішті қабақ білдіру, бұртыңдау.
Өнбес іске өкпе қып,
Келмей қойма бұлтыңдап!
Қолданып кетпе қулықты
Құзғындықпен қутыңдап! (І.Жансүгіров, Шығ.).
Бұлтыңдама дегеніне қарап, дәу де болсаң торай тақылеттес бір хайуансың-ау деп отыр (А.Сүлейменов, Бесін).