lat: BURǴY
зат.1.көс. Ағашты, темірді үңгіп тесетін құрал.
Біреусінде тізіліп ағаш шеберінің ісмерлік саймандары жатыр: ара, балта, сүргі, шапқы, тескіш, тістеуіш, бұрғы - тіпті көп (Б.Соқпақбаев, Аяжан).
Сабақ басталысымен әр оқушыға ара, сүргі, ағаш балға, бұрғы, түрпі және темір сызғыш, т.б. саймандарды бір-бірден үлестіріп берді («Халық мұғ.»).
Темір тесетін бұрғы электр қуатымен айналады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
2. тех. Тау жыныстарын опырып, үгіп бұзатын мәшине аспабы.
Бұл жер - әлгі «Шұбартасты» деген, бұрын Нияз зерттеп, бұрғы салып, алтын тапқан жер (С.Сейфуллин, Шығ.).
Гиганттарда станоктар секунд сайын сартылдады, Шахталарда шахтерлердің бұрғылары жарқылдады (Қ.Аманжолов, Шығ.).
Бірі іздеп жер қоймасын, жерге бұрғы салып жүр (Ө.Тұрманжанов, Таңд. өлеңд.).