lat: BURǴY
ұшы өткір, бұрап отыратын көлденең ағаш сабы бар аспап. Металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге арналған тескіш. Бұрғының бұранда тектес негізгі ұшы үскір, асыл темірден жасалады. Жуан жағында бұрғылауға ыңғайлы, жеңіл болу үшін көлденең орнатылған ағаш тұтқасы бар. Ал оның бұрандасы сағат тілінің бағытымен солдан оңға қарай айналады. Сондай-ақ бұрғының кейбір түрлерінің ортасында айналдыруға ыңғайлылық тудыратын бүгілген белі бар қолшығыр деп аталатын түрі болады.