БҰРАУ

lat: BURAÝ

зат. Арқан-жіпті, желбауды тартып тұратын кішкене жұмыр ағаш.

- Мынау, мынау, мынауым,

Сексеуілден бұрауым.

Алысқанда шақ келмес,

Алыбың мен дырауың (І.Жансүгіров, Поэм.).

- Әй, мұндар, бүгін осы арада түнейміз, қос тігіңдер, - деп көшті аралап кеп, шөктірген түйелердің бас-басына жеке келіп, әрқайсысының бұрауын байқап көрді (С.Жүнісов, Ақан сері).

Бұрау - айналдыру, есу, бекіту, мықтау; желбауды, түйенің тарту арқанын бұрап қоятын екі қарыстай қатты ағаш; түлкіні бұрап, іннен шығарып алатын аспап (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

Тақымына бұрау сап,

Шыңғыртыңдар бурылды!

Шыдай алмас ширығар

Ашу ғана шығарар (М.Әуезов, Таңд. шығ.).