lat: BURALÝ
Бұрал етістігінің қимыл атауы.
1. Ашығу, аш өзегіне түсу. Енді жол қиындап, күзгі түн суығы, аштықпен бұралу - бәрі жиналып келіп, өзге Қозыбақтың жылқысына болса да тиісуге жетектеді (М.Әуезов, Қараш.).
2. Ішектің айналуынан түйнеп ауыру. Ішектің ішінде газ, тығыздалып кептелген азық, тас бар-жоғын, ішектің бұралуы сияқты кеселдің жайын анықтайды (Ә.Әбішев, Мал санитары.).
Ал түйнек дегеніміз - ішектің бұралуынан болатын ауру (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.).