lat: BURALQYLAN
ет. 1. Ел кезіп, қаңғыбастыққа салыну.
Жік-жапар боп, жалынып шақырғанда келмей, сүтке тиген күшіктей боп, бұралқыланып жетіп бару өлім емес пе?! (М.Иманжанов, Көк белес).
2.ауыс. Жарамсақтану, жағыну.
- Бүлінгенді жөндейтін де, арттағыны алға бастыратын да сен емессің. Бұралқыланбай жөнел, - деп Сәуле сөзбен ұрып, көзбен атты (Ә.Әбішев, Жас түлек.).