lat: BURYNǴY
сын. 1. Баяғыдағы, ілгеріде болған; ертедегі, ескі, көне.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап (Абай, Тол. жин.).
Осы кезде баяусып
Бұрынғы дәуір болмай жүр,
Базарыңның өзінен (Базар жырау, Шығ.).
Бұрынғыдан төрт мақал
Төртеуі де серт мақал:
«Көз қараудан тоймайды»,
«От жанудан тоймайды»,
«Естуге құлақ тоймайды»,
«Ағудан бұлақ тоймайды» (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
2. Бастапқы, әуелгі.
Бұрынғы қайран көріктен
Бойында қазір қалғаны -
Басына киғен бөрік пен
Белінде тұрған қанжары (С.Жиенбаев, Алтын қалам).
Бүгін білсем жайыңды,
Бұрынғыдан бөлексің.
Сен де мендей,
Қайыңды,
Ұялы бір терексің (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).
Өзіне өз ғадетін мүбах етіп,
Қазағым бұрынғыда сондай болған (Кердері Әбубәкір, Қазағым).