БҰРЫН

lat: BURYN

үст. 1. Ілгергі уақытта, бұрынғы кезде, ертеректе .

Ата-ана менен жеңгеге,

Туған ел, төркін, әңгеңе,

Қыз күніңдегі еркелік,

Болмасын енді бұрынғы (Базар жырау, Шығ.).

Ең болмаса, ескерер

Айы менен жылында.

Аталық кеңес уағзаны

Сөйлеген нешеу бұрында.Шораяқов, Шығ.).

2. Алдын ала, мөлшерлі уақыттан ерте.

«Москва-Волга» міндім кеме

Енді тумай, өнер қумай,

Бұрын тудым мен неге,

Балалар! (Сонда).

3. Ең әуелі, алдымен.

Белгілі саған менің маубастығым,

Сабырсыз аузы күйген албастымын.

Кесемді алдыменен үрлеп алам,

Ыссы шайды аузыма алмас бұрын.Мақатаев, Шығ.).

Бір жерге барсаң бас қосып,

Өзгеден бұрын ордаңдап,

Ол үйдің шықпа төріне (Базар жырау, Шығ.).

Бұрын сағын, сағынышың болса егер,

Кім қуанса, қайғысын да сол шегер,

Мұхит кешпек болсам да мен, бұрын кеш,

Кеш қалған соң, кешкенің де білінбес.Айбергенов, Мен саған.).