БҰРЫН-СОҢ

lat: BURYN-SOŃ

үст. Ешқашан, ешуақытта.

Қайтайын деп Ойылға

Тәжікеннен шығып жөнелдім.

Көрмеғен соң бұрын соң

Білмеймін жөнін көп елдің.

Ғұзірлі өзім болған соң

Бажақ алып қасыма,

Сарт-сауанға теңелдім (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Самырат жігіт екен құдай берген,

Басына саясатты дәулет келген.

Бұрын соң араласып жүрмесем де,

Есіттім жөйін, нұрын өкімдерден (Кердері Әбубәкір, Қазағым)