БҰРЫШТАРДЫ ШАБУ

lat: BURYSHTARDY SHABÝ

1) «оймалы» тостағандап») жоғарғы бөрененің астыңғы жағынан төменгі бөрененің диаметрі бойынша жарты дөңгелек тәрізді ойық ойылады. Бұрыштарда бөренелердің шет жақтары перпендикуляр қабырға бетінен шығып тұрады. Тостаған бөрененің жартысына дейін ойылады; 2) «табантүйісті», «тиекті» бұрыштарда бөренелердің шеттері жасырын тістермен жалғастырылады және олардың шеттері перпендикуляр қабырға бетінен шықпайды; 3) «инелі» бөрененің бір шеті «қарапайым тостаған» әдісімен жалғасады, екінші шеті екі кантқа жонылады және келесі бөрененің бүйірінде ойылған ойыққа кіргізіледі; 4) «қималы» тостаған жартылай емес бөрененің ширек бөлігіне дейін ғана ойылады, сонда бөренелер арасында саңылау қалады. Бұл тәсіл от жағылмайтын үй-жайлар қимасында (шаруашылыққа арналған құрылыстар және т.б.) бөренені үнемдеу мақсатында қолданылады.